ҚЫЗЫЛОРДА: КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Қызылорда облыстық «Достық» үйінде «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының төрағалығымен кәсіпкерлерге арналған семинар өткізілді. Семинарға кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Айтбайұлы және облыстың бас имамы Болатбек Ұласханұлы, қала,аудан кәсіпкерлері қатысты. Сонымен қатар, жиынға онлайн форматта шалғайдағы кәсіпкерлер де қатысуға мүмкіндік алды.
«Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауларында экономиканың негізгі қозғаушы күші ретінде кәсіпкерлік саласын айқындап келеді. Сондықтан, Бас мүфти Наурыбай қажы Тағанұлының тікелей бастамасымен кәсіпкерліктің бір бөлігі халал саласында да бірқатар шаралар жүзеге асуда. Халал индустриясын дамыту, кәсіпорындар санын ұлғайту, адал өнімдермен халықты қамтамассыз ету, отандық өнімдердің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар Қызылорда қаласында да нәтижелі жүзеге асырылуда. Сыр өңірінің мүмкіндігін молынан пайдалана отырып, халал саласын бұдан да биік деңгейге көтереміз деп сенемін», – деді А.Асқарбекұлы.
Жиын соңында, кәсіпкерлер «Халал Даму» ұйымына ризашылықтарын білдіріп, халал индустриясын дамытуға ат салысатындарын жеткізді.