Қызылорда облысы: кәсіпорындарда тексеріс жүруде
"Халал Дамудың" Бас сарапшы маманы Сафиев Данияр мен Қызылорда облысы бойынша өкіл Шарапатова Перизат жергілікті "QMDB Halal" сертификатына ие кәсіпорындарды халал стандартына сәйкестігін тексерді.
Тексерілген кәсіпорындарға:
1. “Байдаулетов” ЖК "Dudu bakery" кондитерлік өнімдері;
2. "Алменов" ЖК “Керемет ет” жартылай фабрикаттары;
3. "Happy cake Қызылорда"
4. “Реджепова” ЖК "Мубарак" дәмханасы;
5. “Мурат” ЖК "Buffet city" дәмханасы;
6. "Данат" ЖК "DuDu" фаст-фуд өнімдері;
7. "KZO ET" қасапханасы
8. "Алтайбаева" ЖК “Смағұл” қасапханасы;
Тексеріс қорытындысы бойынша, кәсіпорындар қызметі мен өндірісі, дайын өнімдері бекітілген "QMDB HALAL" стандарты талаптарына толықтай сай.