
ТҮРКІСТАН МЕН ҚЫЗЫЛОРДА АЙЛЫҚ АУДИТ
Түркістан мен Қызылорда облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмысы жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына технолог Нұрбек Қанатұлы, жергілікті өкілдер Мұстафа Қалжанұлы мен Перизат Шарапатова да қатысты.
Аудит барысында кәсіпорындардың халал талаптарға сәйкестігі тексерілді. Технолог Нұрбек Қанатұлы мен жергілікті өкіл Перизат Шарапатова өндірістік цехтарды аралап, шикізат қабылдау, сақтау, өңдеу және дайын өнімді буып-түю процестеріне назар аударды. Сондай-ақ, жұмысшылардың санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау да бақыланды.
Аудит нәтижесінде кейбір кәсіпорындарға бірқатар ескертулер мен ұсыныстар берілді. Өндіріс процесін жетілдіру, құжат айналымын нақтылау және жұмысшылардың халал стандарттары бойынша білімін арттыру жөнінде тапсырмалар жүктелді.
Жалпы, тексерілген кәсіпорындардың басым бөлігі «QMDB Halal» стандарттарына сай жұмыс істейтіндігі анықталды. Алдағы уақытта бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.