Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 қазан 2023

367

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛАЛ АПТАЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында бекіткен жоспарына сәйкес, «Халал Даму» ұжымы әр өңірде үгіт-насихат және аудит шараларын жүргізуде.

Осы мақсатта «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог мамандар Қызылорда облысына арнайы іс-сапармен барып, бірқатар маңызды шараларды өткізді. Жергілікті «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен өткізілген жиынға қатысып, кәсіпкерлерге халал кәсіпорындар санын арттыру, отандық өнімдерді шет ел нарығына экспорттау, халал индустриясын дамыту секілді өзекті мәселелер ортаға салынды. Жиынға онлайн форматта шалғайдағы кәсіпкерлер де қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, мешітке жиналған жамағатқа бірнеше күн бойы халал хақында уағыз-насихат айтылып, жергілікті қала, аудан, ауыл имамдары мен мешіт қызметкерлеріне оқу-семинарлары өткізілді. Және де «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламасында тікелей эфирде сұқбат берілді.

Іс-сапар барысында «Magnum» сауда орындары, «Ақ барыс» және «KZO ET» қасапханалары, «Dami Grand», «As-mol», «Белес» тамақтану орындары, «Du-Du», «Buffet city», «Maki-maki», «Parapa pizza» фаст-фуд желілері, «Keremet-et» жартылай фабрикаттары, «Happy cake» кондитерлік цехына айлық аудит жүргізіліп, кәсіпорындардың бекітілген халал стандарты талаптарын сақтауы қадағаланды. Сонымен қатар, Шиелі аудандық орталық мешітінің асханасы мен «Мүбәрак» дәмханасына «QMDB Halal» сертификаты табысталды.


Бөлісу: