ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ДӘМХАНАЛАРДА АУДИТ
Қызылорда қаласындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Тағам», «Mimar», «Арафат», «Salam bro» дәмханалары тексерілді. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» технологтары Гүлмира Маратқызы мен Перизат Шарапатова орындады.
Тексеру барысында өндіріс орындарының тазалық деңгейі, шикізат пен дайын өнімнің сақталу шарттары, сондай-ақ халал стандарттарының сақталуы мұқият қаралды.
Әр кәсіпорында тағам дайындау процесі толықтай зерттеліп, қолданылатын қоспалар мен ингредиенттердің шариғат талаптарына сәйкестігі тексерілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге халал стандарттары мен гигиеналық талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудит қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертпелер беріліп, оларды жоюға уақыт белгіленді. Жалпы алғанда, кәсіпорындардың басым бөлігі халал талаптарын сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.




