Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 наурыз 2024

222

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Қызылорда облысының бас имамы  Дастан Жанасұлы өңірде бірқатар кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.

Аудит барысында «Magnum» сауда орындары, «Ақ барыс» және «KZO ET» қасапханалары, «Арафат», «Белес», «Buffet city» тамақтану орындары, «Du-Du», «Maki-maki» фаст-фуд дәмханалары, «Keremet-et» жартылай фабрикаттары, «Адал ет», «Сейтжанова» ет дүкендері тексерілді. Аудит аясында кәсіпорындардың бекітілген халал стандарты талаптарын толықтай орындауы қадағаланды.


Бөлісу: