ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ
"Халал Даму" басшылығының тікелей қатысуымен жүргізілетін аудит шаралары Қызылорда облысында өз жалғасын тапты. Сыр өңіріндегі тексеріске "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен облыстың бас имамы Болатбек Ұласханұлы және де технолог мамандар қатысты. Ревизорлық бақылау барысында "Magnum" сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдері, "Алменов" кәсіпорнының "Керемет ет" мұздатылған жартылай дайын фабрикаттары, "Кзо ет" қасапханасы, "Алтайбаев" және "Ай Али кекс" кәсіпорындары тексерілді.
"Сыр өңіріндегі кәсіпорындарға берілген халал сертификатының басым көпшілігі қоғамдық тамақтану орындарына, қасапхана және ет өңдейтін кәсіпорындарға, кондитерлік мекемелерге тиесілі. Аудит барысында кәсіпорындардың бекітілген стандарт талаптарын орындауы, өндіріс аумағының ішкі санитарлық тазалығы, адал да сапалы өнім өндіруі, дайын өнімдерді сақтауы, тасымалдауы, сатуы секілді барлық кезеңдері тексерілді. Бақылау қорытындысы бойынша, кәсіпорынлдарда халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді", – деген маманымыз Қызылордадағы тексеріс шаралары әлі де жалғасатынын жеткізді.