Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 мамыр 2024

237

Жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАН: «ARDEN FOODS» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Өзбекстанда орналасқан ірі кәсіпорындардың бірі – «Arden Foods» кондитерлік зауыты «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас сарапшы-технолог Жанар Мұратқызы, технолог Аружан Аралбайдың көршілес елге іс-сапары барысында «Arden Foods» кәсіпорнында аудит жүргізіліп, өндіріс барысы қадағаланды.

«Arden Foods» кондитерлік зауытында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, дайын өнімдері лабораториялық сынақтан өткізілді. Бірнеше этапты сертификаттау шараларының оң нәтижесінен кейін, өндірістің халал талаптарына толықтай сай екені анықталды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар өткізілді», – деп хабарлайды маманымыз.

«Arden Foods» кәсіпорнының «Juzon», «Strobar» сауда белгісімен шығарылатын өнімдеріне берілген халал сертификаты 02.05.2024-01.05.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Өзбекстан Республикасы, Алмазар ауданы, Байрактол көшесі, 50.

Бөлісу: