Өзбекстан: мекемелер тексерілді
«Халал Дамудың» Шымкент облысы бойынша өкілі Сарыбаев Қазбек пен технолог Аружан Аралбай Өзбекстандағы «CODIMENTI», «Crafers», «Milk Euro Food» кәсіпорындарына кіріп аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит кезінде бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Барлық шикізат пен өнімдер, тағамдық қоспалар талаптарға сай. Санитарлық тазалық та толықтай сақталған. «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталған болатын. «ҚМДБ халал» сертификаты берілген отандық және шетелдік кәсіпорындарда ай сайын кезекті және кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары орындалып тұрады.
«ҚМДБ халал» – отандық өнімдерге ғана емес, алыс-жақын шет елдік компанияларға да берілетін халықаралық сертификат.