ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбек пен технолог Аружан Аралбай Өзбекстандағы бірқатар кәсіпорындарда тексеріс жұмыстарын жүргізді. Аудит барысында «Crafers», «Krember» шоколад кәсіпорындары, «Alif» сағыз өндірісі, «Alfa mix» тағамдық қоспалары, «Ardent foods» кондитерлік және тез дайындалатын кеспе өндірісі тексерілді.
«Қазіргі таңда Өзбек ағайындарымыз тарапынан «QMDB Halal» сертификатына сұраныс артып келеді. Бүгінгі іс-сапар барысында сертификатталған «Crafers», «Krember» кондитерлік кәсіпорындарында айлық аудит жүргізіліп, өндірісте бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы қадағаланды. Сонымен қатар, сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген «Alif», «Alfa mix», «Ardent foods» өндіріс орындарында алғашқы аудит жүргізіліп, халал стандарты талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар өткізілді», – деп хабарлайды маманымыз.