Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 қыркүйек 2024

576

Жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДА АУДИТ

«Халал Даму» мамандары Қазбек Сарыбаев пен Аружан Аралбай Өзбекстандағы кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізді. Аудит барысында «Розметов» шұжық цехы, «Crafers», «N.Medov», «ISKO» кондитерлік кәсіпорындары тексерілді.

«QMDB Halal» сертификаты – отандық қана емес, шет елдік кәсіпорындар тарапынан да кең сұранысқа ие болуда. Соның ішінде көршілес, Өзбекстанда 10-нан астам кәсіпорын халал талаптарына сай сертификатталды. Кәсіпорындардағы аудит аясында өндірісте бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы, санитарлық тазалығы, өндірістегі техникалық құрал-жабдықтардың сапасы, дайын өнімдердің өңделуі, сақталуы, тасымалдануы қадағаланды. Және де, аталған кәсіпорындарда «Халал стандарты талаптары мен технологиясы» тақырыбында оқу-семинар өткізіліп, қызметкерлерге шариғат талаптары түсіндірілді», – дейді жауапты маманымыз.

Бөлісу: