.jpeg)
ЖАМБЫЛ: 30 КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» мамандары Ардақ Талғатқызы мен Аблайхан Кәріпбаев Жамбыл облысындағы 30-дан астам кәсіпорында аудит жұмыстарын жүргізді. Үш күнге созылған аудит барысында дәмханалар, фаст-фуд желілері, жартылай фабрикат өндіріс, шұжық цехы, кондитерлік кәсіпорындар, ет дүкендері т.б өндіріс орындары тексерілді.
Аудит барысында кәсіпорындардың жұмыс процестері, шикізаттың құрамы, өндірістік құрал-жабдықтардың тазалығы, қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау деңгейі және дайын өнімнің халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді.
«Халал Даму» мамандары өндіріс орындарының шариғат талаптары мен «QMDB Halal» стандарттарына сәйкестігін анықтау үшін барлық қажетті құжаттарды қарап, өндіріс процестеріне мұқият бақылау жүргізді. Аудит қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Десе де, кейбір мекемелерге стандарттарға сай болу үшін жетілдірулер енгізу бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал туралы оқу-семинарлар өткізілді.