Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 мамыр 2025

11

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Жамбыл облысы, Меркі ауданы имамдарна Құрбан айт қарсанында «Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою стандарты» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда жергілікті технолог Аблайхан Кәріпбаев дәріс оқыды.

Семинар барысында Аблайхан Кәріпбаев ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын шариғатқа сай союдың тәртібі мен талаптары туралы жан-жақты мәлімет берді. Ол халал стандарттарының негізгі қағидаларын, мал сою алдындағы дайындық, жануарға мейіріммен қарау, өткір пышақ қолдану, сонымен қатар, малды құбылаға қаратып бауыздау секілді маңызды аспектілерді түсіндіріп өтті.

«Құрбан айт кезінде халықтың негізгі сұрағы — құрбандықтың дұрыс шалынуы. Сондықтан бұл бағытта имамдардың білімін толықтырып, халал стандарттарын терең меңгеруі аса қажет», – деген Аблайхан Кәріпбаевтың айтуынша, мұндай семинарлар имамдардың мал сою процесін дұрыс бағыттап, жергілікті тұрғындарға шариғи тұрғыдан дұрыс мәлімет беруі үшін аса маңызды.

Семинар соңында, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, тәжірибелік мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, халал талаптарына сай келмейтін әрекеттер мен жиі кездесетін қателіктер де талқыланды.

Бөлісу: