Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 мамыр 2025

13

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНА СЕМИНАР

«Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты маманы Аблайхан Кәріпбаев Меркі аудандық «Меркі ата» мешітініде жергілікті әйел-қыздар секторына «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында Аблайхан Кәріпбаев қатысушыларға халал ұғымының мәні мен маңызы, шариғат талаптарына сай өнімдерді тұтынудың рухани әрі физикалық пайдасы туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ, халал мен харам арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, күнделікті тұрмыста жиі кездесетін азық-түлік, тұрмыстық тауарлар мен қызмет түрлерінің халал талаптарына сәйкестігіне назар аударуға шақырды.

«Халал – бұл тек тағамға қатысты ұғым емес. Ол – мұсылманның өмір сүру салты. Киімнен бастап, қызмет түрлеріне дейін бәрі шариғатқа сай болуы қажет. Сондықтан әр мұсылман халал мен харамның аражігін жақсы түсінуі керек», – деп атап өтті маманымыз. Семинар соңында қатысушылар шариғи тұрғыда пайдалы мәліметтер алғанын айтып, алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, болашақта осындай тағылымы мол кездесулердің жиі өткізіліп тұруын сұрады.

Бөлісу: