Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 мамыр 2024

256

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛ.: 15 ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Отандық халал шұжық өндірісінің отаны – Жамбыл облысындағы кәсіпорындарда кезекті айлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» мамандары Данияр Бақзейнелұлы мен Абылайхан Кәріпбаев орындады.

«Жамбылдағы шұжық цехтары мен қатар Қырғызстан Республикасындағы «Дилнур», «Аброй», «Тойбосс» шұжық цехтары да тексерілді. Аудит қорытындысы бойынша өндіріс барысында тек шариғатқа сай, рұқсат етілген шикізат өнімдері мен тағамдық қоспаларды қолданылатындығы анықталды. Тексеріс кезінде, өнім өндіруге қойылатын халал стандарт талаптары мен тәртіптерін бұзу жағдайлары тіркелмеді», – деп хабарлайды маманымыз.

Бөлісу: