Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 наурыз 2024

181

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛ.: 20 ШАҚТЫ КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» технологы Әсел Таңатар мен Жамбыл облысының жауапты маманы Аблайхан Кәріпбаев жергілікті кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізді. 

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында кәсіпорын қызметі мен өнімдерін қадағалау мақсатында ұйымдастырлған аудит барысында «Сәуле», «Дим-ка» секілді ірі кондитерлік фабрикалары, «Шамахсутов Ш» майонез өндірісі, «Chef Star», «Chicken King», «Nanduk», «Al-Kausar», «Abayas», «Кausar», «Шербет», «Науат», «Киш-миш», «Marvarid», «Счастье», «Бауырдақ», «Салам Бро» секілді тамақтану орындары тексерілді.

Аталған кәсіпорындардың қолданыстағы тағамдық қоспалары, шикізаттары тексеріліп, айын өнімнің сапасы, тағамдық қоспалары, шикізаттары және дайындау, сақтау, тасымалдау, сату барысында бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы назарға алынып, қорытынды акт толтырылды. Сонымен қатар, халал стандарттау және сертификаттау бағыты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу: