Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 ақпан 2022

46

Жаңалықтар

Жамбыл обл.: Айлық аудит жүргізілді

Жамбыл облысындағы кәсіпорындарда кезекті айлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит жұмыстарын жергілікті жауапты өкіл Нұрмаджан Миразизов пен технолог Абылайхан Кәріпбаев орындады.

Тексеріс барысында «Magnum» сауда орындары, «Кәусар», «Kish-Mish», «Изюм» дәмханаларының өндірісі, бекітілген халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтау мәселелері, өндірістік техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді.

Сонымен қатар, сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген «Марварид», «Ristretto», «The Papa» мейрамханаларында үгіт-насихат шаралары жүргізіліп, «QMDB Halal» таңбасын заңсыз пайдаланған «Turkish» фаст-фуд өндірісіне ескерту жасалынды.

Өңірлік өкілдер бақылау-қадағалау шараларының әлі де аяқталмағандығын, алдағы күндері шұжық цехтары тексерілетінін хабарлады.

Бөлісу: