Жамбыл обл.: Ет дүкендері мен қасапханалар тексерілуде
Жамбыл облысындағы ЖК «Қайсар-ет» және ЖК «Қуандықова»-ның «Ислам ет» дүкендері тексерістен өткізілді. Кезекті аудит жұмыстарын жергілікті технолог, инспектор-контролер Аблайхан Ғабитұлы орындады.
«Аудит барысында сатылымдағы ет өнімдері және сертификатталған дәмханаларға жеткізілетін ет шикізаттары тексерілді. Сонымен қатар дүкенге келетін еттің тасымалдану жолы, тасымалдаушы құралдарымен танысып, толық құжаттары қадағаланды. Және де жедел түрде әр ет дүкеніне бес қасапшыдан оқыту тапсырылды», — деп хабарлайды жергілікті маман.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Жамбыл облысындағы қасапханалар мен ет дүкендерін бақылаудан өткізу жоспарланған болатын.