ЖАМБЫЛ ОБЛ.: "ХАЛАЛ ДАМУ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Мұсылман баласы үшін мың айдан да қайырлы Рамазан айында "Халал Дамудың" әр өңірдегі өкілдіктері жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық шарасын өткізуде. Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша "Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Миразизов Нұрмаджанның ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, ауызашар қоржындары таратылды.
"Ізгілікті жанына серік еткен исі мұсылманның ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы халық тұрмысы түзелсе, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы ел алға қадам басады. Қайырымдылық жасау үшін асқан дәулет емес, жүректегі мейірім мен адал ниеттің болуы жеткілікті. Қайырымды жандарды «алтын жүректі адамға» теңейтіні де содан болар. Кәсібінің нәсібімен мұқтаждарға беру арқылы бөліскен "алтын жүректі" кәсіпкерлерге Алла разы болсын!" - деген Нұрмаджан Миразизов Рамазан айы аяқталғаннан кейін де қайырымдылық шарасы тоқтамайтындығын жеткізді.