Жамбыл обл.: «Марьям» шұжық цехы сертификат жаңартты
Тараз қаласында шығарылатын «Марьям» шұжық цехы сертификатын жаңартты. «Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов шұжық цехында тексеріс жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлерге оқу-семинар шараларын өткізді.
Тексеріс барысында, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатуда бекітілген халал стандарт талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Нұрмаджан Миразизов жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша, «Марьям» шұжық цехында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.