Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 желтоқсан 2021

82

Жаңалықтар

Жамбыл обл.: «Пышка» кәсіпорны тексерілді

«Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Миразизов Нұрмаджан «Пышка» жартылай фабрикаттар өндіруші кәсіпорында айлық бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.

Ревизорлық бақылау барысында қызметкерлердің халал стандарт талаптарын сақтай отырып өнім өндіруі, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық кезең назарға алынды. Тексеріс соңында, кәсіпорын қызметкерлеріне «халал» турасында оқу-семинар шаралары жүргізіліп, қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.

Бөлісу: