Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 тамыз 2022

62

Жаңалықтар

Жамбыл обл.: Шұжық цехтары сертификат жаңартты

Жамбыл облысындағы «Асланбек 08» және «Досматов» шұжық цехтарының сертификаты жаңартылды. 

«Технолог мамандар мен инспектор-контролердың тыңғылықты жұмысы және лабораториялық тексеріс қорытындысынан кейін аталған кәсіпорынның шұжық өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. «Асланбек 08» және «Досматов» шұжық цехтарының «Халал Даму»  мамандары бақылауында болатындығы, алдағы уақытта міндетті аудит шаралары орындалатыны ескертілді»,— деп хабарлайды жергілікті технолог Аблайхан Кәріпбаев.

Бөлісу: