Жамбыл обл.: Үгіт-насиихат шаралары жүргізілді
Жамбыл облысында сертификат алуға талапкер «Алб-Баракат» шәйханасы, «Maki Maki» және «Salam Bro», «Zhekas» фаст-фуд өнімдері кәсіпорындармен кездесу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Үгіт-насихат шараларын «Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов пен технолог Аблайхан Кәріпбаев орындады.
Кәсіпкерлермен кездесу барысында шариғаттағы халалдың маңызы мен орны, сертификаттау және стандарттау процессінің барысы мен жүргізілуі, зертханалық шаралардың орындалуы, шикізат және тағамдық қоспаларға, өндіріс аумағы мен қызметкерлерге қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді. Нәтижесінде, аталған кәсіпорындар алдағы уақытта сертификаттаудан өтетіндерін жеткізді.