Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 мамыр 2023

411

Жаңалықтар

Жамбыл Облысы: кәсіпорындарда жоспарлы түрде тексеріс өтуде

«Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Абылайхан Карипбаевтың қатысуымен жергілікті шұжық цехтерінде кезекті аудит жұмысы жүргізілді.

Тексерістен өткен кәсіпорындар:

"АСЛАНБЕК 08" ЖШС;

"ALTYN SAPA GROUP" ЖШС;

"БЕРСАНУКАЕВ" ЖШС;

"ШЕЙХ ТРЕЙД" ЖШС;

"ДАДАБАЕВ" ЖК;

"КАСЫМОВА ЛОЛА" ЖК;

"ТАХИР" ЖК;

Тексерістер кезінде «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Бақылаушы мамандар тарапынан ешқандай ескерту жасалынбады. Кәсіпорындарға келетін,толық шикізат өнімдері және тағамдық қоспалары тексеріліп, бақылауға алынды.

Сонымен қатар тексерістердің оң нәтижелерінен кейін сертификаттарын жаңартқан кәсіпорындар бар:

"Тындыбаев" ЖК шұжық өнімдері;

"Сайдазимов" ЖК жартылай фабрикат өнімдері;,

"Пышка" ЖК жартылай фабрикат өнімдері.

Бөлісу: