Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 қараша 2022

72

Жаңалықтар

Жамбыл Облысы: Қордай және Меркі аудандарына арнайы іс сапармен, шұжық өнімдері мен фаст-фуд өнімдері тексерілді

Қордай елді мекенінде орналасқан «Макі Макі» фаст фуд өнімдері және «Риха» ЖШС –нің «Ал-Халал» сауда белгісіне ие шұжық өнімдері тексерістен өткізілді. Кезекті аудит жұмыстарын жергілікті технолог, инспектор-контролер Аблайхан Ғабитұлы орындады.

«Тексеріс барысында шұжыққа қосылатын шикізаттар, тағамдық қоспалар мен дәмдеуіштер толықтай тексерілді. Қосалқы өнімдерді жеткізуші кәсіпорындар да бақылауымызда. Барлық кәсіпорындарда жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс тұрақты түрде орындалатындықтан, халал талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді», — деп хабарлайды жергілікті маманымыз.

Бөлісу: