Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 наурыз 2023

75

Жаңалықтар

Жамбыл облысында бірқатар кәсіпорындар сертификаттарын жаңартты

Жамбыл облысындағы «Дадабаев» ЖК,  «Иштаев» ЖК шұжық өнімдері және «Первомайские деликатесы» ЖШС қасапханасы сертификатталды. Сертифткатты Жамбыл облысының өкілі Кәріпбаев Абылайхан табыстады.

«Халал — Жаратқанның адамзат өмірі мен тіршілігін жеңілдету үшін бекіткен дара жолы.  «Өз тілдеріңнің жалғаны мен қателіктерін Алла Тағалаға таңып, «мынау халал, мынау харам» деп айтпаңдар»,  — делінген «Нахл» сүресінде. Осы аятқа амал ете отырып,  мұсылмандардың қара шаңырағы діни басқармадан растаушы құжат «QMDB Halal» сертифткатын алғандарыңызға Алла разы болғай!  Себебі,  бұл — біз үшін,  еліміздегі күллі халалды тұтынушы халық үшін аса маңызды. Осы орайда,  өңірімізде халалдың дамуына  қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бен теңдесіз еңбектеріңіздің жемісін көруді жазсын Жаратқан!»,  — деген Кәріпбаев Абылайхан алдағы уақытта екіжақты жұмыс одан әрі өз жалғасын табатынын жеткізді. 

Бөлісу: