Жамбыл облысындағы кәсіпорындар тексерілді
«Халал Даму» мамандары Жамбыл облысында кезекті айлық бақылау-қадағалау шараларын жүргізді. Аудит жұмыстарын технолог Жанат Белтаева, Абылайхан Кәріпбаев, жергілікті жауапты өкіл Нұрмаджан Миразизов орындады.
Тексеріс барысында «Кәусар», «Kish-Mish», «Изюм», «The Papa» дәмханалары, шұжық цехтарының бекітілген халал стандарт талап-тәртіптерін сақтау мәселелері, өндірістік техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді. Сонымен қатар, «The Papa» фаст-фуд өнімдеріне «QMDB Halal» сертификаты берілді.