Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 ақпан 2022

73

Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы шұжық цехтары тексерілді

«Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразизов бір ай бойы Тараз шаһарындағы шұжық және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда аудит жұмысын жүргізді.

«QMDB Halal» сертификатына ие өндірушілерді жоспарлы тексеру барысында «Исмаилов» ЖК, «Иштаев» ЖК, «Досматов» ЖК, «Қайсар» ет дүкені, «Тындыбаев» ЖК, «Назармухаметов» ЖК, «Азимов» ЖК, «Ақниет» ЖК, «ТиМ» ЖК, «Пазиев» шұжық цехтарының өндірісі мен дайын өнімдері, санитарлық тазалығы, қызметкерлердің бекітілген стандарт талаптарын орындауы қадағаланды.

Аудит барысында кәсіпорын қызметкерлеріне халал астың шариғаттағы орны, оның пайдасы, адал ас өнідіру барысындағы тазалық мәселелері жөнінде семинар өткізілді.

Бөлісу: