Жамбыл: Сертификат алуға өтініш білдірген кәсіпорындар тексерілуде
Жамбыл облысында «QMDB Halal» сертификатына өтініш білдірген кәсіпорындар қатаң тексеріс жүргізілді. «Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша өкілі Абылайхан Ғабитұлы ЖК «Март», ЖШС «ТПК Берсанукаев» шұжық цехтары мен «Кондитерская фабрика Дим-Ка» кәсіпорындарда ревизорлық бақылау шараларын орындады.
Мамандар шұжық өнімдеріне қосылатын шикізат өнімдерін және тағамдық қоспаларды мұқият тексеріп, күмәнді қоспалар лабораториялық сынамаға жолданды. Сонымен қатар, өндіріс аумағы мен қызметкерлердің санитарлық тазалығы да қадағаланды.
Ескерте кетейік, жоғарыда аталған кәсіпорындарды сертификаттау процессі әлі де аяқталмады. Халал талаптарына сәйкестендіру шаралары толықтай орындалғаннан кейін ғана «QMDB Halal» сертификаты табысталатын болады. Әзірге, кәсіпорын өндірісі жергілікті мамандардың толықтай бақылауында екендігін хабарлаймыз.