Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 сәуір 2024

354

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛДА АЙЛЫҚ АУДИТ

Жамбылдағы кәсіпорындарда кезекті айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Нұрбек Қанатұлы мен Аблайхан Карипбаев орындады.

Аудит барысында «Алель Агро» және «BM Agroproduct» құсфабрикалары тексеріліп, бекітілген халал талаптарының толықтай орындалуы қадағаланды. Сонымен қатар, құс фабрикасының қасапшылармен кездесу өткізіліп, шариғат талаптарына сай құс сою мен өңдеудің маңызы мен ерекшеліктері тағы да түсіндірілді. Сонымен қатар, «Рахимжанова», «Тим», «Ақ ниет», «Bys Street», «Нуриман», «Karvon sity» секілді шұжық цехтары мен дәмханаларының халал стандартына сәйкестігі қадағаланды. Аудит жұмыстары Қордай ауданында жалғасын тауып, ауданға қарасты «Первомайские деликатесы», «Риха» шұжық цехтары, «Маки-маки» фаст-фуд дәмханасы тексерістен өткізілді.

Бөлісу: