
ЖАМБЫЛДА АЙЛЫҚ АУДИТ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Жабыл облысына іс-сапары барысында «Алель Агро» қасапханасы мен «Сарыбас» шұжық цехында аудит жұмыстарын жүргізді. Бақылау-қадағалау шараларына Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен технолог Аблайхан Кәріпбаев та қатысты.
Тексеру барысында кәсіпорындардың өндіріс процесі, шикізаттың тазалығы, тасымалдау және сақтау шарттары, құрал-жабдықтардың санитарлық жағдайы мен шариғат талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды.
Сондай-ақ қызметкерлердің халал стандарттары бойынша білімі мен құжаттамалық рәсімдердің жүргізілу тәртібі де бақылаудан өтті. Барлық тексерілген кәсіпорындар «QMDB Halal» стандартының негізгі талаптарына сәйкес деп танылып, өз сертификаттарының жарамдылығын растады.