Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 қазан 2022

80

Жаңалықтар

Жамбылда бес кәсіпорын сертификатталды

Жамбыл облысында бірқатар кәсіпорындар сертификатталды. Атап айтқанда, «Дим-Ка» кондитерлік кәсіпорны, «Март», Тенгри», «Тенгри», «Aisha», «Toy Eti» сауда белгда белгісімен шығарылатын шұжық өнімдері, «Maki-Maki» фаст-фуд дәмханасы алғаш рет сертификатталса, «Сарыбас» шұжық цехы, «Pacovis AG» тағамдық қоспалары сертификат жаңартты. Жергілікті технолог, инспектор-контролер Аблайхан Ғабитұлы Жамбылдағы «Халал Даму» өкілдігіне жиналған кәсіпорын иелеріне халал сертификатын табыстады.

Адалдық мен тазалықтың анық белігісіне айналған «QMDB Halal» сертификатын иемденулерімен құттықтай отырып, кәсіптеріне береке тіледі. Екіжақты әріптестік одан әрі жандана түсеріне сенім білдіріп, кез-келген уақытта кәсіби көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Бөлісу: