Жамбылдағы дәмханалар тексерілуде
Жамбыл облысындағы «Әль-кәусар» және «Науат» дәмханалары арнайы тексерістен өткізілді. Бақылау шараларын технолог Аблайхан Ғабитұлы орындады.
«Ревизорлық бақылау барысында қоғамдық тамақтану орнында бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы, ас-ауқат дайындау барысында шариғатқа сай, халал шикізаттар мен тағамдық қоспаларды қолдануы, санитарлық тазалықты сақтауы қадағаланды. Тексеріс нәтижесі оң, халал стандарты талаптары сақталған», — деп хабарлайды жергілікті маман.