Жамбылдағы кәсіпорындарда жоспарлы аудит жүргізілді
«Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша өкілі Аблайхан Ғабитұлы өңірдегі сертификатталған өндіріс орындарында жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді.
«Makı Makı», «Salam Bro»,«Zhekas Doner house», «Ai Ai Chiken» фаст-фуд дәмханалары мен «Mark Of Perfection» өндірістік кәсіпорындарының бекітілген халал талаптарын орындауын қадағалады.
«Адам қандай ас жесе, ол денсаулығына ғана емес рухына да әсер етеді. Сондықтан да ислам діні халал ас жеуді бұйырады. Ал өңірімізде халал өнімнің өндірілуін қадағалайтын — біз. Сондықтан сертификаттап қана қоймай, айына бірнеше мәрте аудит шараларын жүргізіп, сапаның сақталуы мен талаптың орындалуын назарымыздан тыс қалдырған емеспіз», — дейді жергілікті маман.