Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 тамыз 2021

54

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛДАҒЫ ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жамбыл облысындағы "QMDB Halal" сертификатына ие болған шұжық цехтарында кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Ревизорлық бақылау шараларын "Халал Даму" технологы Данияр Сафиев пен жергілікті инспектор-контролер Нұрмаджан Миразизов орындады.

"Халал Дамудан" сертификаттаудан өткен шұжық цехтарының басым көпшілігі Жамбыл облысында орналасқан. Өңірдегі өндірілген шұжық өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы секілді ірі мегаполистер мен алыс-жақын аудан, ауылдарға жолданады. Сапалы әрі халал шұжық ішкі сұранысты қамтып қана қоймай, шет елге де тасымалдануда. Қазіргі таңда біздің бақылауымызда 40-қа жуық шұжық цехы бар. Сол себепті, тұрақты түрде кезекті, кезектен тыс тексеріс шаралары жүргізіліп тұрады. Бүгінгі бақылау-қадағалау барысында өңірдегі шұжық цехтары түгелдей дерлік тексеріліп, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатуда бекітілген халал стандарт талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады" – деген Данияр Сафиев тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін жеткізді.

Тексеріс соңында сертификат мерзімі аяқталған бірқатар кәсіпорындарға жаңартылған "QMDB Halal" сертификаты табысталды.

 

Бөлісу: