ЖАМБЫЛДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Жамбыл облысына іс-сапары барысында жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, бірқатар кәсіпкерлерге сертификат табыстады. Атап айтқанда, «Қыдырбаев» шұжық өнімдері, «Пышка» және «Сайдазимов» жартылай фабрикаттар өндіруші кәсіпорындардың сертификаттары жаңартылды.
«Хақ Тағала бекіткен халал жолында қызмет ету – сіз бен біздің ортақ мұратымыз. Жаратқанның бұйрығын орындай отырып, халыққа адал да таза өнім ұсынудамыз. Алдағы уақытта да бағыттарыңыздан таймай, сауапты да жауапты кәсіптеріңізді жалғастыра беретіндеріңізге сенемін. Алла кәсіптеріңізге береке берсін!», – деді Айбек Асқарбекұлы.