Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 мамыр 2025

10

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛДАҒЫ ҚҰС ФАБРИКАЛАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жамбыл облысындағы халал стандарты бойынша сертификатталған құс фабрикаларында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» жергілікті маманы Аблайхан Кәріпбаев орындады.

Аудит барысында құс фабрикаларының өндірістік процестері, шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдайы және жұмысшылардың халал стандарттары бойынша білім деңгейі тексерілді. Сонымен қатар, өндірістік аймақта пайдаланылатын қоспалар мен қаптамаларға ерекше назар аударылды. Маманның айтуынша, тексеріс нәтижесінде халал стандартына сай келмейтін елеулі кемшіліктер анықталған жоқ. Барлық кәсіпорындарда талаптарға сәйкес жүйелі жұмыс жолға қойылған.

«Аудит барысында анықталған ұсақ-түйек ескертулер бойынша нұсқаулар беріліп, оларды жою мерзімі белгіленді. Халал өндіріс – тек өнімнің құрамына ғана емес, өндірістің бүкіл процесіне қойылатын кешенді талаптар жүйесі. Сондықтан мұндай бақылаулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады», – деді Аблайхан Кәріпбаев.




Бөлісу: