Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 қазан 2025

22

Жаңалықтар

ЖАҢАӨЗЕН МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Әбіш қожа мешітінің әйел жамағатына семинар өткізілді. Семинарда «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Әселхан Сәбитқызы дәріс оқыды.

Кездесу барысында қатысушыларға халал өмір салтының маңызы, халал стандарттарының талаптары және тағам өнімдерінің құрамын ажырату жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын тағамдар мен тұрмыстық тауарлардың халал мәртебесін анықтау тәсілдері талқыланды.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, «Халал Даму» мамандарынан жан-жақты жауап алды. Әйел жамағаты мұндай ақпараттық шаралардың пайдалы екенін атап өтіп, алдағы уақытта да осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса деген ниеттерін білдірді.


Бөлісу: