Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 мамыр 2025

11

Жаңалықтар

«ЖАҢАӨЗЕН СҮТ ЗАУЫТЫ» ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» технологы Жанат Ахметқызы мен Маңғыстау облысының бақылаушысы Іздібай Бегенұлы Жаңаөзен қаласындағы «Жаңаөзен сүт зауытында» бақылау шараларын жүргізді.

Зауыт бұған дейін «QMDB HALAL» стандарты бойынша сертификатталып, халал өнім өндіруші ретінде тіркелген болатын. Бұл жолғы бақылау шаралары өндіріс процесіндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың, шикізат пен дайын өнімнің халал стандарттарына сәйкестігін тексеруге бағытталды.

Тексеріс барысында технолог Жанат Ахметқызы мен өңірлік бақылаушы Іздібай Бегенұлы сүтті қабылдау, өңдеу, сақтау және қаптау кезеңдеріне мұқият назар аударды. Өндірістік алаңдардың тазалығы, қызметкерлердің арнайы киім киюі және өнімнің құрамындағы қоспаларға қатысты құжаттар тексеріліп, бірқатар ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, «Жаңаөзен сүт зауыты» аймақтағы халал талаптарына сай өнім шығарып отырған маңызды кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорынның халал талаптарын сақтауы тұрақты бақылауда болады.

Бөлісу: