Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 тамыз 2024

561

Жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛ.: 10 ҚАСАПШЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Жетісу облысы, Жәркент қалалық орталық мешітінде облыстың бас имамы Керімбек Сәрсенбайұлы мен «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Ордыбай Мухаммед 10 қасапшыға «Қасапшы куәлігін» табыстады.

Сонымен қатар, қасапшыларға шариғат және халал стандарты талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің ерекшеліктері мен маңызы түсіндіріліп, оқу-семинар өткізілді. Қасапшылардың білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинарда шариғат талабына сай мал сою ережелері, мал сою мен ет өңдеуге қойылатын халал стандарт талаптары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Семинар соңында бас имам жергілікті тұтынушылардың адал да, таза ет тұтынуы үшін аянбай қызмет ететін қасапшыларға алғысын білдірді.

Бөлісу: