Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 қаңтар 2024

84

Жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛ.: ХАЛАЛ ХАҚЫНДА СЕМИНАР

Жетісу облысында мешіт имамдары мен жамағатқа арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мен «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Ордыбай Мұхаммед дәріс оқыды.

«Дінімізде кейбір нәрселер халал етілсе, кейбір нәрселер харам етілді. Әрине, бұл тиымдарда көптеген хикмет-ілім бар. Алайда, харамнан тыйылып, халалға жақын болу үшін ол жөнінде ақпаратымыздың болғаны абзал. Сондықтан да бүгінгі семинарымыздың баршаңызға берері мол деп сенемін», – деген бас имам қатысушыларға халалдың діндегі орны мен маңызы, халал сертификатының қажеттілігі мен ерекшеліктерін түсіндірді.

Сонымен қатар, өңірде халал кәсіпорындар санын арттыру, халал бағытын дамыту үшін имамдарға үгіт-насихат шараларын арттыру жөнінде тапсырма берілді.

Бөлісу: