ЖЕТІСУ ОБЛ.: ИМАМДАР МЕН ЖАМАҒАТҚА СЕМИНАР
Жетісу облысында мешіт имамдары мен жамағатқа арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Ордыбай Мұхаммед дәріс оқыды.
«Дінімізде кейбір нәрселер халал етілсе, кейбір нәрселер харам етілді. Әрине, бұл тиымдарда көптеген хикмет-ілім бар. Алайда, харамнан тыйылып, халалға жақын болу үшін ол жөнінде ақпаратымыздың болғаны абзал. Сондықтан да бүгінгі семинарымыздың баршаңызға берері мол деп сенемін», – деген өкіліміз қатысушыларға халалдың діндегі орны мен маңызы, халал сертификатының қажеттілігі мен ерекшеліктерін түсіндірді.