ЖЕТІСУ ОБЛ.: «JD AS UI» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Жетісу облысындағы «Жанар» кәсіпорнының «JD As ui» сауда белгісімен шығарылатын кондитерлік өнімдері «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мұхаммед Ордыбай кондитерлік цехтың ашылу салтанатына қатысып, кәсіпорын иесіне халал сертификатын табыстады.
«Кондитерлік кәсіпорындар көп, алайда, халал талаптарына сай өнім өндіретіндер саусақпен санарлық. Сол себепті, сертификат алуға өтініш білдірген «Жанар» кәсіпорнымен тығыз байланыста тиісті жұмыстар атқардық. Бірнеше мәрте аудит шаралары орындалып, зертханалық тексеріс жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларының оң нәтижесінен кейін сертфикат табыстап отырмыз», – деп хабарлайды жергілікті өкіліміз.
«Жанар» кәсіпорнының кондитерлік өнімдеріне берілген халал сертификаты: 30.11.2023-29.11.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Жетісу облысы, Үшарал қаласы, Д.Қонаев көшесі, 25А.