ЖЕТІСУ ОБЛ.: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Мейіржан Бауыржанұлы Жетісу облысына іс-сапары барысында әйел жамағатына «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда халал өнімдерін өндіру мен тұтынудың маңызы, азық-түлік таңдау барысында туындайтын мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, халал индустриясының болашағы мен оның қоғамдағы рөлі жайында да құнды ақпараттар берілді.
Айбек Асқарбекұлы өз сөзінде, халал өнімдерге қойылатын талаптар мен сертификаттаудың маңыздылығына ерекше тоқталып, әрбір мұсылман халал өнімдерді тұтыну арқылы Алланың разылығына жетуге ұмтылуы керектігін атап өтті. Мейіржан Бауыржанұлы болса, технологиялық жағынан халал өнімдер өндірісінің ерекшелігі мен талаптарын түсіндірді.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, халал өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру мақсатында алдағы уақытта өңірде бірқатар бастамалар мен шаралар қолға алынатыны мәлім болды.