Жетісу облысы: ауданның бас имамдары мен, бес бағыт мамандарына халалды насихаттау тапсырылды
Жетісу облысы Талдықорған қаласы орталық "Иман" мешітінде жергілікті өкіл Мұхаммед Ордыбай ауданның бас имамдары мен, бес бағыт мамандарымен жиын өткізді.
Жергілікті қала имамдарына арналған оқу-әдістемелік, іс-тәжірибе алмасу семинарында "Халал Даму" бағыты жөнінде дәріс оқылды. Семинар барысында халал және харам, халал өнімдер дайындау технологиясы, тағамдық қоспалар құрамы мен ерекшелігі, мал бауыздау және ет өңдеуге қойылатын шариғат және стандарт талаптары турасында дәріс оқыды. Тамақтандыру қызметтері мен халал өнімді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын стандарт талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, жақында ғана жаңартылған www.halaldamu.kz сайт жұмысы таныстырылды. Өңірдегі "ҚМДБ халал" сертификатын иемденген кәсіпорындар көрсеткіші, жергілікті компаниялар жұмысын бақылау-қадағалау, тұтынушыларды ақпараттандыру, халал турасында үгіт-насихат, жарнамалау жұмыстары жөнінде мағлұмат беріп, өңірдегі халалды дамытуға ат салысуға шақырды. Ескерте кетейік, имамдар мен кәсіпкерлердің, кәсіпорын қызметкерлерінің білімін жетілдіруге бағытталған мұндай оқу-семинарлары еліміздің барлық өңірлерінде жыл бойы үздіксіз өткізіліп келеді.