Жетісу облысы: Діни қызметкерлерге халалды насихаттау тапсырылды
«QMDB Halal» өнімдерін стандарттау бөлімінің Талдықорған облысы бойынша жауапты өкілі Мухаммед Ордыбай Жетісу облысында семинар жүргізді.
Оқыту барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Мухаммед Ордыбай: «Алла Тағаланың ұлы сөздері қасиетті Құран Кәрімде адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін айырып көрсеткен. Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Осы турасында «Бақара» сүресінің 168-аятында былай деп түсіндіреді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!», «Мәида» сүресінің 88-аятында: «Аллаһтың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» делінген», – деп халалдың салмағы мен сұрауы жөнінде мағұлмат берді.
Сонымен қатар, халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.