Жетісу облысы: имамдармен кездесу өтті
«Халал Дамудың» Жетісу облысына жауапты өкілі Мұхаммед Ордыбай аудан имамдарымен кездесу өткізді.
Жиын аудандық Кербұлақ аудандық орталық мешітінде өтіп, оған ауыл имамдары қатысты. Жиында Мұхаммед Ордыбай: «Халал» сертификаттау ісін халыққа барынша насихатау аса маңызды болып отыр. Сондықтан ауылдарыңыздағы және аудан орталығындағы кәсіпкерерге халалдың маңызын түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуіміз керек» керек дей келе, өзіне қойылған сауалдарына жауап берді. Ол сонымен қатар алдағы уақытта «Халал» сертификаттауға кәсіпорындарды өткізу бағытындағы іс-жоспарын таныстырып, пікір алмасты.