Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 ақпан 2023

60

Жаңалықтар

Жетісу облысы: «Жетісулық әйелдердің таңдауы адал ас» атты семинар өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Тіл сарайында әйел жамағатына арналған «Жетісулық әйелдердің таңдауы адал ас» атты семинар өтті. Семинарды "Халал Дамудың" бас сапаршы технологы Жанар Мұратқызы және Әселхан Сыдық өткізді.

"Отбасы үшін ас даярлайтын да, азық-түлік таңдайтын да, балардың тамағына жауапты да әйел адамдары болғандықтан халал турасында мағлұматының болғаны нәзік жандыларға аса маңызды.  Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол.  Халал астың маңызы жөнінде аяттар мен хадистер де бар. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау болуы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына байланысты", – деген Әселхан Сыдық. "Халал Даму" қызметі, халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде мағлұмат берді.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп,  дәріс тыңдаушылары білімін жетілдіруге мүмкіндік берген «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.


Бөлісу: