Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 ақпан 2024

123

Жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АЙЛЫҚ АУДИТ

Жетісу облысындағы кәсіпорындарда кезекті айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» Жетісу облысы бойынша жауапты өкілі Мұхаммед Ордыбай мен технолог Мейіржан Бауыржанұлы орындады.

«Жоспарлы тексеріс барысында өңірдегі барлық кәсіпорындар түгелдей тексерілді. «Халал Даму» бақылауындағы тамақтану орындары, фаст-фуд және кондитерлік цехтар т.б өндіріс орындарының бекітілген халал стандартына сай жұмыс жасауы қадағаланды. Аудит нәтижесі оң, халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді» – деп хабарлайды маманымыз.

Бөлісу: