Жезқазған қ.: Әйел жамағатына семинар
Жезқазған қаласындағы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде әйел жамағатына «Адал ас – шариғат талабы» семинар-тренингі өткізілді.
Семинардың бас спикері «Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Қалмаханқызы ас үй ханшайымдарына халал азық-түлікті таңдауда ескерілуі керек мәселелер, тағамның құрамын талдау, тағамдық қоспалардың халал, харамдығын ажырата білу жөніндегі құнды ақпараттарымен бөлісті. Семинарға жиналған әйел жамағаты жадтарында жүрген сұрақтарына жауап алып, білімге бағытталған бұндай жиындарды жиі өткізіп тұруға өтініш білдірді.